Химиялық физика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Химиялық физика — заттардың химиялық құрылысы мен химиялық түрленулерін түсіндіретін физикалық заңдылықтар туралы ғылым.

Химиялық физиканың ғылым болып қалыптасуына кванттық механика, атом мен молекулалар құрылысы физикасының жедел өркендеуі үлкен әсер етті. Бір мезгілде көптеген бөлшектердің қатысуымен жүзеге асатын химиялық процестерді қарастыратын физика химиядан негізгі айырмашылығы — химиялық физика жеке бөлшектердің және олардың өзара әрекеттесуін зерттейді.

Химиялық физика атомның электрондық қабығының құрылысын зерттейді. Сондықтан ғылымның бұл жаңа саласын кеңес физиктері электрондық химия деп атаған (1927). Атомның электрондық құрылысын зерттеуден алынған физиканың жаңалықтары периодты заңның физикалық мәнін, элементтердің периодтық жүйесіндегі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндірді.

Кванттық механика тұрғысынан валенттіліктің, химиялық байланыстың, молекулааралық тартылыс күшінің электрондық табиғаты анықталды, химиялық физика тәжірибелік физиканың ең жетілдірілген жаңа әдістерін қолданып молекуланың құрылысын, геометриясын, электрлік, магниттік және оптикалық қасиеттерін зерттейді, бұл құбылыстарды электрондық теория тұрғысынан түсіндіреді. Молекулалардың қозғалысын, спектрін, константаларын, атомдар мен молекулалардың қозуын, соқтығысқанда энергия алмастыруын қарастырады. Химиялық физика зерттейтін объектілер артып, оның әдістері физика химияға енгізілді. Ол атом мен молекула құрылысынан басқа кристалдардың, сұйықтардың, ерітінділердің, сольваттардың, адсорбциялық қабаттың құрамы мен қасиеттерін зерттейді.

Химиялық физика алғашқы кезде химиялық реакцияларды зерттеді. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап химия кинетиканың дамуында жаңа кезең басталды. Физиканың соңғы жетістіктерін химияға қолдану заттардың реакцияға түсу бейімділігі мен молекула құрылысының арасындағы тәуелділікті анықтауға мүмкіндік береді. Химиялық реакциялардың жылдамдығы сол реакцияларға қатысатын бөлшектердің табиғатына, сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты. Солардың ішінде практикалық маңызы зоры — тізбекті реакциялар. Ресей ғалымы Н.Н. Семенов тізбекті реакциялардың теориясын жасап, тәжірибе жүзінде қалыптастырды. Соған сүйеніп тұтыну мен қопарылыс туралы теориялық көзқарасты дамытты. Химиялық физика мен физикалық химия өзара тығыз байланысты. Атом, молекула, ион, т.б. бөлшектердің құрылысы, қасиеттері және реакцияға бейімділігі жөніндегі химиялық физика табыстары анорганикалық, органикалық химияда және химиялық технологияда кеңінен қолданылуда. Химиялық физика саласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанында құрылған Жану проблемалары институты жұмыс істеп келеді.

Тарихы

20 ғасырдың 20-жылдарында пайда болған. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы А.Эйкен енгізген (1930).

1931 жылы КСРО ҒА-нда Химиялық физика институты ұйымдастырылып, 1933 жылдан АҚШ-та “Химиялық физика” журналы жарық көре бастады.

1930 - 1935 жылы химиялық физика ғылымының негізін қалап, дамытқан С.Хиншелвуд, Н.Н. Семенов, Г.Эйринг, М.Поляни, М.Эванс, Л.Полинг, т.б. болса, Қазақстанда Г.И. Ксандопуло, Б.Я. Колесников, З.А. Мансұров болды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Химиялық физика

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Phys-stub