Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан 1959, Шымкент) — қазақстандық саясаткер, экономист және экономика ғылымдарының кандидаты. 2012—2016 жылдары Парламент Мәжілісінің депутаты. 2009—2012 жылдары Қоршаған ортаны қорғау министрі болып қызмет етті.

Қысқаша өмірбаяны

  • Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген.
  • Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған.
  • ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.);
  • ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы
  • Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған.
  • Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған.
  • Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.)
  • Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.)
  • ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.)
  • «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.)
  • 1998 ж. бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары
  • 1999 ж. бастап Қостанай қаласының әкімі лауазымдарында болды.
  • 2000 ж. шілдеден бастап «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті
  • 2000 ж. қарашадан бастап «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры
  • 2001 ж. бастап «Қазтрансгаз» ЖАҚ президенті.
  • 2003 ж. маусымнан бастап ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды.
  • 2003 ж. қарашадан бастап дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі.
  • 2007 ж. 28 тамыздан бастап — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  • 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі.
  • 2012 жылғы қаңтардан 2016 жылға дейін бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Марапаттары

  • «Құрмет» (2005) ордені
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы.

Отбасы

Үйленген. 2 қызы, ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер