Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Ashimov Nurghali.jpg
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім
Нұрғали Сәдуақасұлы Әшім (10 қазан, 1959, Шымкент) — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қысқаша өмірбаяны
- Мәскеу экономика-статистика институтын (1981 ж.) инженер-математик мамандығы бойынша бітірген.
- Мәскеу экономика-статистика институтының аспирантурасын тәмамдаған.
- ҚазССР-і Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері (1981 ж.), бөлім меңгерушісі (1987 ж.);
- ҚазССР-і Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы
- Қазақ химия-технология институтының аға оқытушысы (1990 ж.) қызметтерін атқарған.
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы (1992 ж.) қызметтерін атқарған.
- Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (1993 ж.)
- Ұлттық Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бастығы (1996 ж.)
- ҚР Экономика және сауда вице-министрі (1997 ж.)
- «ТұранӘлем банкі» жабық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (1997 ж.)
- Қостанай облысы әкімінің орынбасары (1998 ж.)
- Қостанай қаласының әкімі (1998 ж.) лауазымдарында болды.
- «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті (2000 ж.)
- «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ-ң бас директоры (2000 ж.)
- «Қазтрансгаз» ЖАҚ-ң президенті (2001 ж.).
- Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды.
- 2007 ж. тамызына дейін — Батыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2007 ж. тамыздың 28 — Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
- 2009-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі.
- 2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
Марапаттары
- «Құрмет» (2005) ордені
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
- «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальы.
Отбасы
Үйленген. 2 қызы, ұлы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>