Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденов
Үлгі:Ғалым Қалдыбек Сәбденұлы Сәбденов (20 қыркүйек 1932, Сарыағаш ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО — 25 маусым 2022<ref>ҚазҰАЗУ сайтындаҮлгі:Deadlink. kaznaru.edu.kz</ref>) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1991), профессор (1989). Жаратылыстану ғылымдары академиясының, халықараралық жоғары мектептер академиясының академигі.
Сіргелі тайпасының Батыр-Жайдақ руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
КСРО өнертапқышы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1957). 1957–59 жылдары Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының бас малдәрігері. 1959–68 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауылы шаруашылық саласында басшы қызметте болды. 1968–73 жылдары Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бөлім бастығы, директор. 1973–77 жылдары Алматы облысы ауылы шаруашылық басқарма бастығының бірінші орынбасары, басқарма бастығы. 1978–83 жылдары Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық комитетінің хатшысы. 1983–96 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ректоры. 1996 жылдан осы университетте профессор. Алматы облысы қоғамдық қорының директоры. 160 ғылым еңбектің, 5 монографияның, 6 оқулық пен оқу құралының авторы, 25 авторлық куәліктері мен патенттері бар, КСРО халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің 4 күміс, 3 қола медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астана» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Алматы облысының, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының құрметті азаматы. Ол Қазақстан Республикасы ЖАҚ-ның сараптау кеңесінің, Қазақстан Республикасы Аграрлық ұлттық академиялық орталықтың ғылым кеңесінің, Алматы облысы әкімі жанындағы ақсақалдар алқасының, Диссертациялық кеңестің мүшесі.
Дереккөздер
Сілтемелер
- "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"