Қамыстыкөл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Қамыстыкөл – Қаракөл көлінің солтүстік-шығысындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылының оңтүстікiнде 25 км жерде орналасқан. Шетырғыз өзенінің аңғарында. Теңіз деңгейінен шамамен 195 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы суы мол жылдары 6,5 км2, қуаңшылықта 5 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 1,8 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.
Жағалау сипаты
Солтүстік бөлігі жарлы, оңтүстік жайпақ келген. Қамыстыкөлдің шығысында Бақакөл көлі, оңтүстігінде Қарамұрын төбесі, батысында Жаркөл қонысы орналасқан. Мал суаруға пайдаланылады.