Шетырғыз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ШетырғызТорғай алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Мұғалжар, Шалқар және Ырғыз аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 178 км, су жиналатын алабы 4740 км2, жалпы құламасы 288 м.

Бастауы

Мұғалжардың шығыс бөлігіндегі Айрық тауындағы бұлақтан басталып, Шеңбертал ауылынан 10 км солтүстікте Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды. Басты салалары - Сырлыбай (ұз. 50 км), Қайыңды (ұз. 98 км).

Гидрологиясы

Алабының жоғарғы бөлігі төбелі, қалған бөлігі жазық. Аңғары жоғарғы бөлігінде шатқалды, ені 200 - 600 м, биіктігі 20-50 м, беткейлері аспалы. Төменде 1-4 км-ге дейін кеңейіп, беткейі жатықтанады. Арнасы айқын қалыптасқан, ирелең, ені жоғарғы ағысында 40-60 м-ден төменде 160-170 м-ге дейін өседі. Көктемде тасып, жазға қарай қарасуларға бөлінеді. Суының минералдылығы көктемде 200-600 мг/л-ден жазда 2,5 г/л-ге дейін өседі. Көп жылдық орташа су өтімі Қаратоғай ауылы тұсында 0,99 м23/с., тасынды көлемі жылына 28 мың т. Ауыз суға, мал суғаруға пайдаланады. Алабы - жайылым, шабындық.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер