Талдық (өзен)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Талдық, Борлы, Ұлыталдық – Шалқар алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандары жерімен ағады. ¥зындығы145 км, су жиналатын алабы 4140 км2.
Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейіндегі бұлақтардап басталып Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауып-шашын, жер асты суымен қоректенеді. Басты салалары — Бала Талдық, Ұлыталдық, Милысай, Шыбықтысай. Жылдық орташа су шығыны сағасы тұсында 1,50 м3/сек. Алабы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы </ref>