Күнгей жотасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Күнгей жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік шығыс сілеміндегі жотасы.

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 55-60 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Ең биік жері 3014 м.

Геологиялық құрылымы

Күнгей жотасы төменінде тас көмірдің саздақты тақтатас, құмтас жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Оңтүстік беткейі тік. Жотаны өзен аңғарлары қатты тілімдеп шатқал жасаған. Көксуат өзінің аңғары оңтүстіктегі Тастау жотасынан бөліп тұрады. Солтүстігінде Жүнжүрек, Арқалық және Жабық таулары орналасқан. Алакөл көліне қарайтын солтүстік беткейлерінен Көкмойын, Жаманты, Қызылтал, Қаратал өзендері бастау алады.

Өсімдігі

Аңғарларында қайың, тал, терек, орта белдеуінде қылқан жапырақты орман, жоғары жағында тау шалғыны, арша өседі. Етегі жазғы жайлау.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер