Жүнжүрек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Жүнжүрек – Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы жота.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданында орналасқан. Лепсі өзенінің жоғарғы ағысының оң жағалауында. Абсолюттік биіктігі 1814 м. Жотадан Шынжылы өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы, жер бедері
Төменгі палеозой қабаттарының кристалдық тақтатас, кварцит, әктас, мәрмәр жыныстарынан түзілген. Биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері кездеседі. Жотада Көктөбе асуы, солтүстік етегінде Жүнжүрек асуы орналасқан. Асудан мамыр – қыркүйек айларында автомобиль жолы өтеді. Мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>