Тастау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Тастау – Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс сілеміндегі жота.
Географиялық орны
Жетісу облысының Алакөл және Сарқан аудандары жерінде орналасқан. Көксуат, Тастау және Орта Тентек өзендерінің салалары – Ырғайты, Тентек өзендерінің су айырығы саналады. Абсолюттік биіктігі 3546 м. Тастау батыстан шығысқа қарай, 75 – 80 км-ге доғаша иіліп жатыр. Ені 10 – 15 км.
Жер бедері мен геологиясы
Тастау мен Күнгей (солтүстігінде) жоталары аңғарында альпілік жайлау жайласқан. Көбіне палеоген шөгінділерінен түзілген. Солтүстік беткейі көлбеу, өзен арналармен тілімделген, етегі қорымтасты.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>