Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Оңғарбек Бердібаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (Нұрлан Рахымжанов Бердібаев Оңғарбек бетін Оңғарбек Бердібаев бетіне жылжытты (айдатқыш қалдырмады))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

23:58, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі нұсқасы

Бердібаев Оңғарбек(7.11. 1911, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 7.1.1972, Алматы) – дерматолог-ғалым, медицина ғылым докторы (1955), профессор (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Қазақ медецина институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік медецина университеті ) бітірген (1937). 1937 – 46 жылы сол институтта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 1946 – 52 жылы Қазақстан Өлкелік патология институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры, микология секторының меңгерушісі. 1952 – 56 жылы Қазақ тері-венерология ғылым-зерттеу институтының директоры, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік медецина институтында кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері таз ауруларын емдеуге арналған. Тері-венерология (трихофития, микроспория) ауруларын емдеу әдістерін табуға елеулі еңбек сіңірген Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том <references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub