Оңғарбек Бердібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға

Бердібаев Оңғарбек (7.11.1911, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы – 7.1.1972, Алматы) – дерматолог-ғалым, медицина ғылым докторы (1955), профессор (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1961). Қазақ медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген (1937). 1937 – 46 жылы сол институтта тері-венерология кафедрасында ординатор, ассистент, доцент, 1946 – 52 жылы Қазақстан Өлкелік патология институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры, микология секторының меңгерушісі. 1952 – 56 жылы Қазақ тері-венерология ғылым-зерттеу институтының директоры, 1956 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері таз ауруларын емдеуге арналған. Тері-венерология (трихофития, микроспория) ауруларын емдеу әдістерін табуға елеулі еңбек сіңірген Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub