Венерология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Венерология (лат. venus – махаббат құдайы және грек. logos – ілім) – клиник. медицинаның венералық ауруларды зерттейтін саласы. Қазіргі уақытта 20-дан астам венералық аурулар (хламидиоз, трихомоноз, кандидоз, микоплазмоз, жыныстық ұшық, қасаға биттеу, бактериалды вагиноз, лямблиоз, т.б.) анықталды. Қазақстанда В. саласындағы ғыл.-зерт. жұмыстары 1931 ж. Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкоматының Тері-венерол. институтты ашылғаннан кейін басталды. Осы салада сондай-ақ республикадағы мед. ин-ттары мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының тері және венералық аурулар кафедраларында 900-ден астам дәрігер-венерологтар жүйелі зерттеулер жүргізуде. Кейінгі жылдары аталған ауруларға жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы (СПИД) ауруы қосылды. Республикада венералық аурулардың эпидемиологиясы және олардан арылу шараларын ұйымдастыру мәселелері (М.Омаров, т.б.) зерттелді. Мерез ауруын анықтауда және оны басқа аурулардан ажыратуда Вассерман реакциясының, басқа да серологиялық реакциялардың мәні (М.Б.Брагина, С.Темірғалиев, Л.А.Пшеничная, Д.А.Азизов, т.б.) анықталды. Создың, оған қосарлас аурулардың клиникасы, анықтау әдістері мен емдеу тәсілдері жөніндегі зерттеулер (Омаров, Б.А.Теохаров, И.М.Омаров, В.В.Калугин, К.Ақышбаева, т.б.) аяқталды. Мерезді емдеуге арналған вибрамицин (Е.Р.Федотов), созылмалы простатитті емдеу тәсілі, оған қажетті құралдар (Калугин, т.б.), құрғақ уретроскопия жасау тәсілі мен оған қажетті құралдар (Калугин) ғыл.-тәжірибелік жаңалық ретінде танылды. Уреплазманың экспресс-диагностикасына қоректік сұйық орта (Калугин, Г.М.Тонконогова, т.б.) өңделді. Жыныс қатынасы арқылы берілетін ауруларға клиник.-лабораториялық, мед.-әлеум., электрондық-микроскоптық зерттеулер (М.Шәкіров, т.б.) жүргізілді. Мерез бен созды ерте анықтау үшін иммунодиагностик. клетка тесі (Л.М.Тимофеева, В.Л.Рыбкина) жасалды.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Венерология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}