Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жатай Жұмаділов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
(→Марапаттары) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:17, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Жатай Жұмаділов (1930 жыл 24 наурыз, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент – 1996 жыл, Жамбыл қаласы) – еңбек ардагері.
Еңбек жолы
- 1946 жылы Жамбыл педагогикалық училищесін және 1951 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген;
- 1945 жылы Сарысу ауданы тұтынушылар одағында есепші;
- Институтты бітірген соң “Байқадам” орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі;
- 1957-59 жылдары Сарысу ауданы партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі;
- 1959-62 жылдары Сарысу аудандық партия комитетінің хатшысы;
- 1962-65 жылдары Жуалы аудандық партия комитетінде партиялық бақылау комиссиясының төрағасы;
- 1965-67 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды;
- 1967-87 жылдары Жамбыл облысы халық ағарту бөлімін басқарды.
Марапаттары
Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды<ref> П.Дүйсенбин, «Үркердей болып көшкен жұрт», 878 б.</ref> <ref>К.Жақсылықұлы, Ә.Ақбұзауұлы, «Шежіре Тама-Жөгі-Жәнеке-Молдас». 131-132 бб.</ref>.
Дереккөздер
<references/>