Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев (24 ақпан 1966, Шымкент облысы) — қазақстандық дипломат, І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.
Мазмұны
Өмірбаяны
1966 жылы 24 ақпанда Шымкент облысы, Ленин ауданы, Рабат ауылында дүниеге келді.
Білімі
1990 жылы Қазақ ұлттық университетін “математик” мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылы “Қалыпты суперсызықты көп мәнді бейнелеулердің конволюциясы” тақырыбында жоба қорғап физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды.
Мансабы
- 1990—1994 — Қазақ ұлттық университетінің есептеу математикасы кафедрасының ассистенті, аспиранты;
- 1994—1997 — Қазақ ұлттық университетінің «Макро, микроэкономика және математикалық әдістеме» кафедрасының аға оқытушысы, экономика және әлеуметтану факультетінің декан орынбасары, доценті;
- 1997—1999 — Қазақ ұлттық университеті Экономика және құқық институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- 1999—2000 — Қазақ ұлттық университетінің докторанты;
- 2000—2000 — Қазақстан Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің «Мұнай-газ өнеркәсібі бас диспетчерлік басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бөлім басшысы;
- 2000—2001 — Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бөлім бастығының орынбасары – сектор меңгерушісі;
- 2001—2002 — Қазақстан стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары;
- 2002—2005 — Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары — Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі;
- 2005—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі — Каспий теңізінің мәртебесі жөніндегі келіссөздердегі өкілі;
- 2006—2009 — Қазақстанның Ирандағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2009—2012 — Қазақстанның Люксембург пен Бельгиядағы елшісі және Еуропа одағы мен НАТОдағы өкілі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2012—2016 — Қазақстанның Польшадағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2016—2019 — Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, жұбайы Раушан Мейірманова. Балалары: ұлдары — Қажыолла Мылтықбай мен Сұлтанәлі Мылтықбай және қызы — Сафия Ерік.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Қылмысы
2018 жылы 16 қазанда Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Өтембаевтың дипломатиялық қызмет барысында Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын аяқтау туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінгенін және осы себептен 140 миллион ₸ шығым пайда болғанын жариялады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2019 жылы 18 қаңтарда кепіл үшін босатылып, лауазымынан уақытша босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2020 жылы 23 қыркүйекте 2 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте атқару құқығынан өмір бойына айырылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2022 жылы 23 тамызда сот Өтембаевтың ісін қайта қарап, оны толық ақтап шықты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары мен атақтары
- Құрмет ордені;
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі;
- Астанаға 10 жыл медалі;
- Халықаралық қауіпсіздікті нығайтқаны үшін медалі.
Дереккөздер
- Қазақстанның Өзбекстандағы елшілері
- Қазақстанның Польшадағы елшілері
- Қазақстанның Люксембургтағы елшілері
- Қазақстанның Бельгиядағы елшілері
- Қазақстанның Ирандағы елшілері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қызметкерлері
- Физика-математика ғылымдарының кандидаттары