Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев (24 ақпан 1966, Шымкент облысы) — қазақстандық дипломат, І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.

Өмірбаяны

1966 жылы 24 ақпанда Шымкент облысы, Ленин ауданы, Рабат ауылында дүниеге келді.

Білімі

1990 жылы Қазақ ұлттық университетін “математик” мамандығы бойынша тәмамдады. 1993 жылы “Қалыпты суперсызықты көп мәнді бейнелеулердің конволюциясы” тақырыбында жоба қорғап физика-математика ғылымдарының кандидаты атанды.

Мансабы

Жеке өмірі

Үйленген, жұбайы Раушан Мейірманова. Балалары: ұлдары — Қажыолла Мылтықбай мен Сұлтанәлі Мылтықбай және қызы — Сафия Ерік.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қылмысы

2018 жылы 16 қазанда Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Өтембаевтың дипломатиялық қызмет барысында Өзбекстандағы Қазақстан Елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысын аяқтау туралы жалған актілерге қол қойды деген күдікке ілінгенін және осы себептен 140 миллион ₸ шығым пайда болғанын жариялады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2019 жылы 18 қаңтарда кепіл үшін босатылып, лауазымынан уақытша босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2020 жылы 23 қыркүйекте 2 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте атқару құқығынан өмір бойына айырылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2022 жылы 23 тамызда сот Өтембаевтың ісін қайта қарап, оны толық ақтап шықты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары мен атақтары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер