Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жүргеніш"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox

Жүргеніш, клайтония (Claytonіa) – қараоттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауының тасты, жартасты беткейлерінде, тастақты және мүкті-қыналы жерлерінде, қарлы мұздықтарда өсетін 1 түрі – Иоан Жүргеніші (С. joanneana) бар. Биіктігі 7 – 25 см, жуан тамырлы өсімдік. Сабағы бірнешеу. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары отырыңқы, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, боз қызғылт түсті, сабақ ұшында жетіледі. Шашыраңқы шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды көлденеңінен ашылатын қорапша. Тұқымы қара түсті, құрамында белок көп.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub