Қараоттар тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қараоттар тұқымдасы (лат. Portulacaceae)<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - қос жарнақтылар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Дүние жүзінде 500-дей түрі бар.

Ботаникалық сипаты

  • Жапырақтарының жиектері бүтін, көбінесе шырынды болады.
  • Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, қос гүлсерігі бар. Тостағаншалары 2-ге бөлінген, кейде түбімен жатынға бірігіп өскен. Күлтелері 5 (сирек 4-9), бос немесе бірігіп өскен, аталықтары 3-15, гүл күлтелерінің түбімен бірігіп кеткен, аналығы - біреу, 3-6-ға бөлінген, жатыны бос немесе тостағаншасымен біріккен, бір ұялы. Маусымнан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі қауашақ, 2-3 немесе көп тұқымды, жарғақты, көлденеңінен немесе 3-ке жарылып ашылады. Тұқымдарында белок көп болады.

Өсетін жері мен таралуы

Қараоттар тұқымдасы көбінесе Оңтүстік Америка мен Калифорнияда таралған. Қазақстанда Алтай тауларында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында және Қаратауда жүргеніш және қараот туыстары кездеседі.

Қолданысы

  • Оңтүстік Америкада көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады.
  • Гүлдері әсем болғандықтан әсемдік үшін өсіріледі.
  • Медицинада емдік дәрі ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

<references/>