Жүргеніш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Жүргеніш, клайтония (Claytonіa) – қараоттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауының тасты, жартасты беткейлерінде, тастақты және мүкті-қыналы жерлерінде, қарлы мұздықтарда өсетін 1 түрі – Иоан Жүргеніші (С. joanneana) бар. Биіктігі 7 – 25 см, жуан тамырлы өсімдік. Сабағы бірнешеу. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары отырыңқы, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, боз қызғылт түсті, сабақ ұшында жетіледі. Шашыраңқы шашақ гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды көлденеңінен ашылатын қорапша. Тұқымы қара түсті, құрамында белок көп.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жүргеніш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}