Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: {{flag|Kazakh SSR|SSR|name=Қазақ КСР}} → {{байрақ|Қазақ КСР}} using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
19:22, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Суретші Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов (1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы, Қазалыда туған) — суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2003). Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ҚР Білім Беру ісінің Үздігі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Толығырақ
- Ағымсалы Дүзелханұлы 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы, Қазалыда дүниеге келген.
- 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
- 1982 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген.
Шығармашылығы
- Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді.
- Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген.
- «Томирис», «Сақтар», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би», «Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған.
- Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған. Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. А. Дүзелханов Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте еткен еларалық конкурста арнайы дипломмен марапатталған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Марапаттары
- 1996 жылы 9 желтоқсанда "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- 1996 жылы Қазақстан Білім беру ісінің үздігі (атағы);
- 2002 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы берілді.
- 2013 жылы "Қазақстан Ұлттық теңгесіне 20 жыл" медалі
- 2016 жылы Құрмет ордені мен марапатталды.
Жеке қасиеттері
- Әскери атағы - запастағы сержант.
- Діни көзқарасы- «Дінге сыйластықпен қараймын».
- Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».
- Хоббиі - кітап оқу.
- Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи тақырып.
Жеке өмірі
- Үйленген. Жұбайы - Қастеева Гүлназия Әбілханқызы (1955 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы.
- Ұлдары - Жомарт (1976 жылы туған), Мирас (1985 жылы туған). Немерелері - Әмина (2000 жылы туғаан), Арманжан (2002 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>