Ағымсалы Дүзелханұлы Дүзелханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы (19.8.1951 жылы туған, Қазалы қаласы) – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман – Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»Әйтеке би», «Қазыбек би», «Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы – теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Дүзелханов Қазақстан Мемлекетінің сыйлығын (2002), Абай, Әлішер Навои атындағы сыйлықтарының иегері. Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған. Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. А. Дүзелханов Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте еткен еларалық конкурста арнайы дипломмен марапатталған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Әскери атағы - запастағы сержант.

Діни көзқарасы - «Дінге сыйластықпен қараймын».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу».

Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи тақырып.

Үйленген. Жұбайы - Қастеева Гүлназия Әбілханқызы (1955 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы. Ұлдары - Жомарт (1976 жылы туған), Мирас (1985 жылы туған). Немерелері - Әмина (2000 жылы туғаан), Арманжан (2002 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}