Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ольга Евгеньевна Сафронова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Қазақстан жеңіл атлеттері» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:06, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Жеңіл атлетші Үлгі:Медальдар Ольга Евгеньевна Блудова (тұрмысқа шыққан соң — Сафронова, 5 қараша 1991, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы.

Өмірбаяны

О.Е.Блудова Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ольга ұзындыққа және биіктікке секіру секторынан бастады. Өзін бөгеулермен жүгіруден сынап көрді. Ақыр аяғында Юрий Иванович Маштаковтың жетекшілігімен спринтке келді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық «Өзбекстан кубогы» жарысында «А» тобында 2012 жылғы Олимпиаданың олимпиадалық нормативін орындады.

60 метрге жүгіру және эстафета бойынша 2010 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жүлдегері. 100 м қашықтықтағы қазақстандық рекордшы – 11,37 с.

2012 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден 24-ші болды.

2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 23,83 с нәтижесімен, жартылай финалға жолдама ала алмады.

Жеке өмірі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.

Әкесі Евгений Блудов – жүргізуші. Анасы Ирина — бөгеулермен жүгіруші. Ағасы Максим Блудов биіктікке секірумен айналысады.

Күйеуі — әйгілі ұзындыққа секіруші Константин Сафронов<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер