Ольга Евгеньевна Сафронова
Үлгі:Жеңіл атлетші Үлгі:Медальдар Ольга Евгеньевна Блудова (тұрмысқа шыққан соң — Сафронова, 5 қараша 1991, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы.
Өмірбаяны
О.Е.Блудова Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ольга ұзындыққа және биіктікке секіру секторынан бастады. Өзін бөгеулермен жүгіруден сынап көрді. Ақыр аяғында Юрий Иванович Маштаковтың жетекшілігімен спринтке келді.
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық «Өзбекстан кубогы» жарысында «А» тобында 2012 жылғы Олимпиаданың олимпиадалық нормативін орындады.
60 метрге жүгіру және эстафета бойынша 2010 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жүлдегері. 100 м қашықтықтағы қазақстандық рекордшы – 11,37 с.
2012 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден 24-ші болды.
2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 23,83 с нәтижесімен, жартылай финалға жолдама ала алмады.
Жеке өмірі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.
Әкесі Евгений Блудов – жүргізуші. Анасы Ирина — бөгеулермен жүгіруші. Ағасы Максим Блудов биіктікке секірумен айналысады.
Күйеуі — әйгілі ұзындыққа секіруші Константин Сафронов<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Сілтеме
- Ольга Евгеньевна БлудоваҮлгі:Deadlink Қарағанды облысы әкімдігінің порталында
- Принцесса спринта
Дереккөздер
- Алфавит бойынша жеңіл атлеттер
- Жеңіл атлетикадан Азия чемпиондары
- Қазақстанның қысқа қашықтыққа жүгірушілері
- 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер
- 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер
- Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері
- Жеңіл атлетикадан Азия ойындары чемпиондары
- 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңіл атлетшілер
- Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары
- Қазақстан жеңіл атлеттері