Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Рисалат Бибі Османқызы Каримова"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш ()
 
ш (1 түзету)
(айырмашылығы жоқ)

00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі түзету

Үлгі:Ғалым Рисалат Бибі Османқызы Каримова — тарих ғылымының докторы (2008).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1952 жылы 27 шілдеде қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылында туған.

Қазақ ұлттық университетін бітірген (1976).
1976-84 жылдары Мемлекеттік өнер музейінде аға ғылыми қызметкер, 1984-86 жылдары Тіл білімі институтының (қазіргі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты) ұйғыртану бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, 1986-96 жылдары Ұйғыртану институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1996 жылдан Шығыстану институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, Ұйғыртану орталығының жетекшісі, 2010 жылдан бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Средневековые города Восточного Туркестана в цивилизационных процессах Центральной Азии" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Негізгі ғылыми бағыты: этнология, сəндік қолданбалы өнер, жалпы тарих, Орталық Азия мен Шығыс Түркістан тарихы, Шығыс Түркістанның ортағасырлық қалаларының тарихы мен мəдениеті.
70-тен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография мен 1 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер