Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Боралдай (өзен)"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
(added photo)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Өзен

БоралдайАрыс өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Түркістан облысының Бәйдібек, Ордабасы аудандарымен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жинайтын алабының аумағы 1760 км2.

Бастауы

Қаратаудағы Ақшоқы, Арқарлы, Боралдай тауларынан басталып Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылының маңында Арыс өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Жоғары ағысы тау шатқалымен өтеді, аңғарында жабайы жеміс ағаштары (алма, долана, жабайы жүзім, т.б.) басым. Арыс өзеніне құятын тұсында аңғары кеңейіп, ені 1 - 4 км-ге жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Боралдай ауылы тұсындағы жылдық орташа су ағыны 10,5 м3/с. Суы тұщы. Минералдылығы 0,2—0,4 г/л. Жергілікті тұрғындар Боралдайдың суын егін, бау-бақша суаруға, ауыз суға пайдаланады. Өзеннен тікелей 10-нан астам ирригациялық каналдар тартылған.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Атау сыры

Боралдай атауына байланысты нұсқалар:

  • Боралдай - қалмақ тілінде "лай су" деген мағынаны білдіреді. Тау суы тасыған жолындағы жер қыртысын қопара ағады.


Боралдайдың боры бар,
Даңғараған жолы бар.
Боралдайға бармаған,
Адамдардың соры бар.

  • Боралдай - моңғол әскерінің батыры Бұрындаймен байланысты. 1236 жылы Бұрындай әскері қыстап шыққан.
  • Боралдай - қалмақ тілінде "буурулда" сөзі жусан (өсімдік) деген ұғымды бреді. Демек, "Боралдай" дегеніміз - "жусанды, жусан көп өсетін жер", ал, тыва тілінде (түркі тілі тобына жататын) "боралдыр" сөзі "күлгін" түсті, түрік тілінде "бурулдай" сөзі "күлгін түсті құс" деген мағынан білдіреді.<ref>Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер