Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шаушықұмтөбе"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:47, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Көне қалашық Шаушықұмтөбе – ортағасырлық қаланың орны.

Орналасқан жері

Түркістан облысы Шардара қаласының солтүстігінен 5 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағасында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

Қалашықта 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Г. Максимова), 1959-1963 жылдары Шардара археололгиялық экспедиция (жетекшісі Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич) қазба жұмыстарын жүргізді.
Қалашық үш бөліктен тұрады. Цитадель мен шахристан қорғаныс дуалдарымен қоршалған. Рабаттың қорғаныс құрылыстары жоқ. Шахристанның аумағы 250х250 м, 4-5 м. Оны қоршаған дуал қалдықтарының биіктігі 1 м. Ортада орналасқан цитадельдің аумағы 36,5х38 м. Қалашықтың жалпы биіктігі 10 м. Шардара су қоймасының салынуына байланысты зерттелген қалашық бұл күнде су астында қалған. Қазба жұмыстарының нәтижесі Шардара өзінен едәуір бұрын болған елді мекеннің орнына салынған бекініс екендігін көрсетті. Қазба кезінде табылған заттар кешені ескерткіштің I-VIII ғасырлар аралығында өмір сүрген адамдар тұрағы екенін көрсетті.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте