Шаушықұмтөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаушықұмтөбе— ортағасырлық қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласының солтүстігінен 5 км жерде, Сырдария өзеннің оң жағасында орналасқан. Қалашықта 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан археололгиялық экспедиция (жетек. А.Г. Максимова), 1959 — 1963 жылы Шардара археололгиялық экспедиция (жетек. Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич) қазба жұмыстарын жүргізді. Қалашық үш бөліктен тұрады. Цитадель мен шаїаристан қорғаныс дуалдарымен қоршалған. Рабаттың қорғаныс құрылыстары жоқ. Шаїаристанның аум. 250250 м, 4 — 5 м. Оны қоршаған дуал қалдықтарының биікт. 1 м. Ортада орналасқан цитадельдің аум. 36,538 м. Қалашықтың жалпы биікт. 10 м. Шардара су қоймасының салынуына байланысты зерттелген қалашық бұл күнде су астында қалған. Қазба жұмыстарының нәтижесі Ш. өзінен едәуір бұрын болған елді мекеннің орнына салынған бекініс екендігін көрсетті. Қазба кезінде табылған заттар кешені ескерткіштің 1 — 8 ғасырлар аралығында өмір сүрген адамдар тұрағы екенін көрсетті.

Сілтемелер

  • Қазақ Энциклопедиясы, 9 том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}