Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («21 қаңтарда туғандар» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен)) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
18:39, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі нұсқасы
Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев (21 қаңтар 1967, Атырау облысы, Мақат ауданы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Атырау облысының (2006 - 15.08.2012) және Атырау қаласының бұрынғы әкімі. Техника ғылымдарының кандидаты (2008).
Білімі
- Алматы сәулет-құрылыс институтын (1991) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
- Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Өмірбаяны
- 1991 жылдан - «Батқазэнерго» АҚ ҚМБ құрылыс учаскесінің шебері, жұмыс өндірушісі.
- 1992 жылдан - «Одиссей» ЖШК (Ақтөбе) әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары.
- 1995 жылдан - «Аспан» ЖШС құрылыс мәселелері жөніндегі директордың орынбасары (Ақтөбе).
- 1998 жылдан - «Шат» мұнай компаниясының директоры (Ақтөбе).
- 2001 жылдан - «Батыс-Мұнай» қазақ-қытай БК директоры, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Директорлар кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облыстық Тәртіп кеңесінің мүшесі.
- 2002 жылдан - «Қазсыртмаш» Атырау аймақтық филиалының директоры.
- 2003 жылдан - Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының хатшысы.
- 2005 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
- 2006 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
- 2006 жылдан - 15.08.2012 жылы - Атырау облысының әкімі.
- 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, қамауға алынған.
Қоғамдық қызметі
Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының депутаты (2003-2005).
Марапаттары
- Меценат Алтын орденімен (2008);
- «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2005);
- «Почетный гость России» (2007);
- «Астананың 10 жылдығы» (2008);
- «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007);
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл»;
- «Парасат» (2008);
- «Астрахан облысына сіңірген еңбегі үшін» (2008);
- «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» (2008) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>