Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев (21 қаңтар 1967, Атырау облысы, Мақат ауданы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, Атырау облысының (2006 - 15.08.2012) және Атырау қаласының бұрынғы әкімі. Техника ғылымдарының кандидаты (2008).

Білімі

  • Алматы сәулет-құрылыс институтын (1991) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
  • Қазақ мемлекеттік заң университетін (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Өмірбаяны

  • 1991 жылдан - «Батқазэнерго» АҚ ҚМБ құрылыс учаскесінің шебері, жұмыс өндірушісі.
  • 1992 жылдан - «Одиссей» ЖШК (Ақтөбе) әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары.
  • 1995 жылдан - «Аспан» ЖШС құрылыс мәселелері жөніндегі директордың орынбасары (Ақтөбе).
  • 1998 жылдан - «Шат» мұнай компаниясының директоры (Ақтөбе).
  • 2001 жылдан - «Батыс-Мұнай» қазақ-қытай БК директоры, «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Директорлар кеңесінің мүшесі, Ақтөбе облыстық Тәртіп кеңесінің мүшесі.
  • 2002 жылдан - «Қазсыртмаш» Атырау аймақтық филиалының директоры.
  • 2003 жылдан - Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының хатшысы.
  • 2005 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
  • 2006 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
  • 2006 жылдан - 15.08.2012 жылы - Атырау облысының әкімі.
  • 2013 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұсталып, қамауға алынған.

Қоғамдық қызметі

Атырау облыстық 3-ші шақырылған мәслихатының депутаты (2003-2005).

Марапаттары

  • Меценат Алтын орденімен (2008);
  • «Қазақстанның Конституциясына 10 жыл» (2005);
  • «Почетный гость России» (2007);
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008);
  • «Қазақстан полициясына 15 жыл» (2007);
  • «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне 10 жыл»;
  • «Парасат» (2008);
  • «Астрахан облысына сіңірген еңбегі үшін» (2008);
  • «Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағы» (2008) медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер