Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Мұңал батыр Келімбердіұлы"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Мағына Үлгі:Тұлға Мұңал батыр Келімбердіұлы (туған-өлген жылы белгісіз) — Адай руынан шыққан батыр, көріпкел, емші, әулие кісі болған. Өмірінің көп жылдарын халықты емдеуге арнаған. Қазығұрт ауданының Қаржан тау-жоталары мен Алтынтөбе елдімекені маңында Мұңалсай, Мұңалбұлақ, Мақпалтау орындары орналасқан.<ref>interesnoe.me/source-67491222/post-37099</ref> Аты Адайдың ұранына айналған әулие Бекет ата осы Мұңал тұқымынан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Келімберді – сегіз арыс Адайдың көп өскен, ең бір іргелі атасы. Келімберді ауылынан білікті билер де, әулие пірлер де, ел қорғаған ерлер де, тәлім-тағылымды ғалымдар да, салтанатты байлар да көп шыққан. Келімбердіден алты бала, олар – Құнанорыс (Ырысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Әлнияз (Бұзау), Тобыш, Мұңал.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4 том.</ref> Мұңал — Келімбердінің кенже баласы, одан төрт бала, кейбіреулер бес бала дейді.<ref>interesnoe.me/source-67491222/post-9943</ref>
Мазмұны
Мұңал рулары
Әли, Бәйімбет, Жанақ, Боқсары, Әтембек-Абыз, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп, Медет, Көрпе, Күшік, Қосбармақ, Байпақ, Байбоз, Өтеулі, Матай, Айым, Шақа, Жаманғара, Сүгірәлі, Сарғасқа, Жәдігер, Дәулеталы, Мете, Кеще, Жетімек, Тоқтамыс, Бектеміс, Базар, Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемір, Ескелді, Қосқұлақ, Қырықмылтық.<ref>Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 9 том. Астана: Профи Медиа, 2015. - 480 бет.</ref><ref>Шежіре - Сайын Баймұңаловтың және Бисен Өтесінұлының нұсқалары http://sugirali.kz/index.php/shezhire/ata-tek Бейнеу аудандық «Рауан» газеті, 8 қараша 1991 жыл</ref>
Жыры
Қараш Ыбырайым ахунның өлеңмен жазылған шежіресінде былайша жыр түзеді:
...Сөз сөйлейін енді Мұңалдан,
Тобышқа жедел сыңардан,
«Бекет» деген ұраннан,
Кіршігі жоқ қылаңнан –
Алаштан шыққан шығаннан!
«Сегіз арыс» Адайды,
Түгендеп айтпай тына алман...
...Төрт баласы Мұңалдың –
Әли менен Бәйімбет,
Жаулы, Шоғы – бұлардан.
«Төрт арыс Мұңал» болғалы,
Жайлауына су алған,
Қыстауына ну алған,
Жігіттері Мұңалдың,
Мейман келсе қуанған...<ref>Сегіз арыс Адайым. Танымдық шежіре кітап. 5 том. Астана: Профи Медиа, 2015. – 560 бет.</ref>
Шежіре
Адай руын құрайтын басты екі ата: Құдайке, Келімберді. Құдайкеден — Тәзіке, Қосай. Келімбердіден — Ырысқұл (Құнанорыс), Ақпан, Шыбынтай (Балықшы), Әлнияз (Бұзау), Тобыш, Мұңал. Қазақ шежірелеріндегі сегіз арыс Адай осы. Адайдың қара шаңырағының иесі Мұңал болып есептеледі. Адай баба кенже немересі Мұңалдың қолында қайтыс болыпты. Атасының батасын алған осы ұрпақ сонау замандардан бері «Мұңал ошағын» сақтаушы саналады.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мұңалдан: Алақұнан, Әли, Бәйімбет, Шоғы Батыр (Қырықмылтық), Жаулы.
- Алақұнан туралы ақпарат жоқ.
- Әлиден - Қошқар.
- Бәйімбеттен - Алдаберді, Сабытай баһадүр, Жәдігер, Сарғасқа (Рысай).
- Шоғыдан - Есекей, Жолай.
- Жаулыдан - Ескелді, Қосқұлақ, Жары.
Адай батыр мен оның балалары Құдайке мен Келімбердінің, немерелері Ер Қосай мен Мұңалдың ерлік істері, батырлығы, халқы үшін атқарған қызметтері туралы жазушы Бектұр Төлеуғалиұлының «Адай тарихы сыр шертеді» деген еңбегінде, көптеген шайқастардың куәсі болған Қазтуған ақынның жыр-дастандарында, шежіреші Өмірзақ Көлбаевтың «Ер Қосай» атты кітабында, Ұзақбай жыршының «Алақай батыр» дастанында, Сабыр жыршының «Алақай батыр жырында, Ибн Бахуридің «Алғашқы қазақтардың бірігуі» еңбегінде, Алшын Меңдалыұлының «Адай шежіресінде» және басқа да еңбектерінде айтылып, жазылған екен.<ref>Үлгі:Cite web</ref>