Ырсай Бәйімбетұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сарықасқа, Ырсай Бәйімбетұлы <ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>(т.-ө.ж.б.) – батыр. Сарықасқа Ырсай батырдың тар маңдайлы, басының шашсыз тақыр болуына байланысты қойылған лақап аты. Елін басқыншылардан қорғап, Жем мен Арал бойына қоныстандыруда ерлігімен көзге түскен. Көптеген ұрыстарда қарулас серігі Есекей батырмен тізе қосып қимылдаған. Өрістері де бірге болған. Сарықасқа атында ру бар. Ауызекі әңгімелерде Сарықасқа Тайлан, Сарышырпы Тайлан деп қосарлана айтылады. Тайлан, Сарышырпы атында жер атаулары бар. Сарықасқа атында Сам құмының солтүстігінде Есек жалдап 24 км жерде ұзындығы 25 км ойпаң бар. Кезінде Сарықасқа ойпаңында 4 құдық және Сарықасқа атты бұлақ болған. 1826 ж. 19 ақпанда полк. Ф.Бергтің экспед. Сарықасқа бұлағының басына тоқтаған. Сонымен қатар бұл экспед. Сарышырпы сайына да аялдаған. <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub