Бекет Мырзағұлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға:Ислам

Бекет Мырзағылұлы (Бекет ата) (1750, Құлсары1813, Оғыланды) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген.

Өмірбаяны

Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген.

Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref>

Қызметі

Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

  • Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
  • Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
  • Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
  • Төртіншімүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "МединедеМүхаммед, ТүркістандаҚожа Ахмет, МаңғыстаудаПір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.

Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған. Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.

Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған.

XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Кеңес кезінде М. Меңдіқұлов, Ә. Кекілбаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиықов т. б. зерттеушілер жазған.

Үлгі:Quote — дейді.

Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген. Адай руынан шыққан.

Отбасы

Бекет ата төрт ағайынды: Бекет, Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл.

Бес баласы болған: Бәйтелі, Жайлау, Тоғай, Байнияз, Қодар.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>, <ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер