Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Ащысай (өзен, Ырғыз ауданы)"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (clean up, replaced: {{KZ}} → {{KAZ}} using AWB) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Өзен Үлгі:Мағына Ащысай – Шалқар алабындағы Ырғыз өзенінің оң саласы.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 93 км, су жиналатын алабы 1150 км2.
Бастауы
Мұғалжар тауының шығыс беткейінен басталып Ырғыз өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Арнасы тар, жиегі тік жарлы. Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Жаздың ыстық айларында құрғап қалады. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Көктем, күз айларында өзен аңғарына мал жайылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>