Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Шағантоғай"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы
Шағантоғай – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және Қазақстанның Абай облысы, (Мақаншы ауданы) аумағында.
Бастауы
Қытай аумағындағы Барлық тауының солтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтардан бастау алып, Қазақстанда Еміл өзеніне сағасынан 23 км жоғарыда құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 693 км2. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Сәуір - мамыр айларында тасып, күзде сабасына түседі. Суының минералдылығы су тасу кезінде 150 — 300 мг/л-ден күзге қарай 400 — 600 мг/л-ге дейін өзгереді. Лайлылығы 800 — 1200 г/м3. Көп жылдық орташа су ағымы Қарабұлақ ауылы тұсында 1,41 м³/с. Суы егістік, шабындықтарды суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>