Еміл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Еміл, Емел – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді. Ұзындығы 254 км., су жиналатын алабы 21,6 мың км².
Бастауы
Шығыс Тарбағатайдың сілемі Ұрқашар баурайындағы (Қытайда) бұлақтардан басталып, Алакөлге құяды.
Гидрологиясы
Қар, жер асты суларымен толығады. Орта және сағалық бөлігіндегі құмды жазықпен өтетін арнасы енді (30 – 50 м), жағасы жайпақ келеді. Атырауында сортаң шалғындар көп өседі. Желтоқсанда суы қатып, наурызда мұзы ериді. Суы егістік суғаруға пайдаланылады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>