Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Қыздаршыққан"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Ақтөбе облысы географиясы» деген санатты аластады; «[[Санат:Ақтөбе облысы құмдары|Ақтөбе облысы құмдар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:05, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Шөл ҚыздаршыққанҮлкен Борсық құмды алқабының оңтүстік-батысындағы шағын құм.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.

Жер бедері, өсімдігі

Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында. Солтүстігінде Қошқарата соры, шығысында Көкалақұм құмы, оңтүстігінде Мыңжылқысексеуіл қонысы, батысында Үлкенсор соры мен Қошқарата құмы орналасқан. Жер бедері төбелі-белесті өсімдікпен бекіген құмды жазық.

Геологиялық құрылымы

Төрттік кезеңінің эолды шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі

Сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер