Қыздаршыққан
Үлгі:Шөл Қыздаршыққан – Үлкен Борсық құмды алқабының оңтүстік-батысындағы шағын құм.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылының солтүстік-батысында 40 км жерде орналасқан.
Жер бедері, өсімдігі
Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында. Солтүстігінде Қошқарата соры, шығысында Көкалақұм құмы, оңтүстігінде Мыңжылқысексеуіл қонысы, батысында Үлкенсор соры мен Қошқарата құмы орналасқан. Жер бедері төбелі-белесті өсімдікпен бекіген құмды жазық.
Геологиялық құрылымы
Төрттік кезеңінің эолды шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі
Сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, шеңгел, изен, сексеуіл, т.б. өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>