Көкалақұм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КӨКАЛАҚҰМҮлкен Борсық құмының оңтүстік бөлігіндегі құмды алқап. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылынан 7 км жерде орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 5 – 6 км. Теңіз деңгейінен шамамен 140 м биіктікте жатыр. Жалды шағыл құмдардың шетінде Қызғалдақ, Жиек, т.б. қыстаулар орналасқан. Палеоген тау жыныстарының үгілуінен қалыптасқан. Жер асты суы 1 – 25 м тереңдіктен шығады. Қоңыр топырағында жусан, шеңгел, жүзгін, изен, сексеуіл, т.б. өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көкалақұм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}