Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Күнгей жотасы"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
ш Алакөл ауданы географиясы» деген санатты аластады; «[[Санат:Алакөл ауданы таулары|Алакөл ауданы таулар)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

00:02, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тау Күнгей жотасыЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік шығыс сілеміндегі жотасы.

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 55-60 км-ге созылып жатыр, ені 15-20 км. Ең биік жері 3014 м.

Геологиялық құрылымы

Күнгей жотасы төменінде тас көмірдің саздақты тақтатас, құмтас жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Оңтүстік беткейі тік. Жотаны өзен аңғарлары қатты тілімдеп шатқал жасаған. Көксуат өзінің аңғары оңтүстіктегі Тастау жотасынан бөліп тұрады. Солтүстігінде Жүнжүрек, Арқалық және Жабық таулары орналасқан. Алакөл көліне қарайтын солтүстік беткейлерінен Көкмойын, Жаманты, Қызылтал, Қаратал өзендері бастау алады.

Өсімдігі

Аңғарларында қайың, тал, терек, орта белдеуінде қылқан жапырақты орман, жоғары жағында тау шалғыны, арша өседі. Етегі жазғы жайлау.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер