Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Әлібек Мұсаұлы Дінішев"
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
| |
20:39, 2026 ж. шілденің 12 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Музыкант Әлібек Мұсаұлы Дінішев (7 шілде 1951 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық опера және камералық әнші (тенор), музыкалық педагог-профессор, Қазақ КСР Халық әртісі (1979) мен КСРО Халық әртісі (1986).
Қазақстан тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (2001) және Қазақстан әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2012), Қазақстанның Еңбек Ері (2021).
Өмірбаяны
Әлібек Дінішев 1951 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Байбақты руының Құлсүйіндік бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Анасы Кәмила Мүкімқызы — КСРО халық әртісі Ришат пен Қазақ КСР Халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қарындасы. Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұса «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикада мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Ол Этель Лилиан Войничтің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарды.
Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі — бүгінгі Әлібек Дінішевтің театры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккордеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркемдік үйірмесінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы — Н.А. Шәріпова.
1976 жылы Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке кірісті. 1977 жылы ол Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты. Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды.
1978 жылы оған Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Марокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.<ref>Үлгі:Кітап</ref><ref>Үлгі:Кітап</ref>
Мемлекеттік марапаттары
- 1978 жылы «Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
- 1979 жылы жастар Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты
- 1979 жылы Қазақ КСР Халық әртісі құрметті атағы;
- 1986 жылы 35 жасында Кеңестер Одағының Халық әртісі (КСРО халық әртісі) құрметті атағы берілді.
- 1996 жылы Парасат орденімен марапатталды;
- 2001 жылы ҚР тұңғыш президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты;
- 2003 жылы музыка саласы бойынша «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты;
- 2008 жылы Астанаға 10 жыл медалі
- 2011 жылы Қазақ музыка саласындағы ерен еңбектері үшін ҚР Жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі марапаттады (Астана, 2011 жылғы желтоқсанда);
- 2011 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
- 2012 жылы ҚР әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты құрметті атағымен елбасының өзі марапаттады (Астана, 2012 жылғы желтоқсанда);
- 2021 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атағымен марапаттады.<ref>https://www.interfax.kz/?lang=rus&int_id=21&news_id=119324</ref>
Дереккөздер
- Қазақстан халық әртістері
- Опера әншілері
- Қазақстан опера әншілері
- КСРО халық әртістері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақстан Президенті сыйлығының иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері
- Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегерлері