Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин
Үлгі:Музыкант Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (14 наурыз 1916, Өскемен – 7 желтоқсан 1996, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық әртісі (1947). Ришат Абдуллиннің егізі.<ref>Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Өмірбаяны
1939 — 65 жылдары Абай ат. Қазақ опера және балет театрында әнші болды. 1965 жылдан өмірінің соңына дейін “Қазақконцерт”бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды. Абдуллин негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды. Мысалы: Төлеген, Қайрақбай, Балпан, Арыстан (Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” және “Айман-Шолпанында”), Ленский (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегинінде”), Серік (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”), Зілқара (Брусиловский мен Төлебаевтың “Амангелдісінде”), Тұяқбай (Е. Рахмадиевтің “Қамар сұлуында”), Әзім (А. Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абайында”) тағы да басқа. Ол 1936 жылы Мәскеуде (Ресей) өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Абдуллин әнші ретінде қазақтың халық әндерімен бірге отандық және шетелдік композиторлардың ән-романстарын ерекше нақышпен орындаған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Отбасы
Әйелі — Абдуллина Камаш<ref>Үлгі:Cite web</ref> және төрт баласы:
- Қызы — Абдуллина Ғалия (1941)
- Ұлы — Абдуллин Сағынай (1953)<ref>Өзіне-өзі ұста!</ref>