Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Артериалдық гипертензия"
(Үлгідегі жаңа параметр (doi: 10.1016/j.cjca.2015.01.009).) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:40, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Ауру Артериалдық гипертензи́я (АГ) немесе гипертония, гипертониялық ауру, жоғарғы қан қысымы (ЖҚҚ) (Үлгі:Lang-grc «үстінде, жоғары» + τόνος «керу; тон») — артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде көтерілуімен сипатталатын медициналық жағдай<ref name=Nai2014>Үлгі:Cite book</ref>. Жоғары қан қысым кезінде көп жағдайда симптомдар байқалмайды<ref name=CDC2015>Үлгі:Cite web</ref>. Алайда, АҚ-ның ұзақ мезгілде тұрақты түрде көтерілуі тәждік артерия ауруы, инсульт, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелер фибрилляциясы, перифериялық тамырлық ауру, соқырлық, бүйректің созылмалы ауруы және деменцияның пайда болу қауіпін жоғарылатыды<ref name=Lack2015>Үлгі:Cite journal</ref><ref name=WHO2011>Үлгі:Cite book</ref><ref name="Hernandorena2017">Үлгі:Cite journal</ref><ref name="Lau2017">Үлгі:Cite journal</ref>.
Жоғарғы қан қысым біріншілік және екіншілік болып бөлінеді<ref name=Lancet2015>Үлгі:Cite journal</ref>. Жоғарғы қан қысымының 90-95%-ын біріншілік (эссенциалдық) гипертензия (гипертониялық ауру) құрайды. Ол айрықша өмір салтымен және генетикалық факторлармен сипатталады<ref name=Lancet2015/><ref name="pmid10645931">Үлгі:Cite journal</ref>. Ауыру қауіпін жоғарылататын факторларға тағамда тұзды шамадан тыс пайдалану, семіздік, темекі тарту және ішімдік ішу жатады<ref name=CDC2015/><ref name=Lancet2015/>. Қалған жағдайларда екіншілік, симптоматикалық артериалдық гипертензияны диагностикалайды: бүйрек (нефрогенді) — 3—4 %, эндокринді — 0,1—0,3 %, гемодинамикалық, неврологиялық, стрестік, ятрогендік (кейбір заттарды қабылдаудан кейін пайда болатын) және жүктілік кезіндегі АГ<ref name=Lancet2015/>. Бұл кездерде артериялық қан қысымының көтерілуі негізгі ауру симптомдарының бірі болып табылады.
Қан қысымы екі өлшем бойынша сипатталады — систолалық және диастолалық қысым, яғни максималды және минималды қысым<ref name=CDC2015/>. Ересектердің көбінде тыныштық жағдайында қалыпты қан қысымы: систолалық 100—130 мм с. б., диастолалық 60—80 мм с.б. арасында болады<ref name=AHA2017/><ref name="EU2013">Үлгі:Cite journal</ref>. Ересек адамдарда тыныштық жағдайында қан қысымы 140/90-ға тең немесе жоғары болса, артериялық гипертензия болып саналады<ref name=Lancet2015/><ref name=AHA2017>Үлгі:Cite journal</ref><ref>Рекомендации Всемирной организации здравоохранения и Международного общества по гипертензии 1999 г.</ref><ref name=protocol18>Экспертный совет РГП на ПХВ «Республиканский центр развития здравоохранения» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от «30» ноября 2015 года. Протокол № 18</ref>. Балаларда басқа өлшемдер қолданылады<ref name=JNC8>Үлгі:Cite journal</ref>. АҚ-на амбулаториялық жағдайда (офистен тыс, АҚТМ не АҚҮМ) 24 сағат бойы мониторинг жасау, офистік өлшемге қарағанда дәлірек болып табылады<ref name=Lancet2015/><ref name=Nai2014/>.
Жүктілік
Гипертония жүктіліктің шамамен 8-10% кездеседі.<ref name=":0">ABC of hypertension</ref> Артериялық қысымның екі көрсеткіші 140/90 мм Hg-ден алты сағат аралықпен жоғары гестациялық гипертензияның диагностикасы болып табылады. Жүктілік кезіндегі жоғары қан қысымы прегипертензия, гестациялық гипертензия немесе преэклампсия ретінде жіктелуі мүмкін. Преэклампсия – жүктіліктің екінші жартысында және босанғаннан кейінгі кезеңде қан қысымының жоғарылауымен және несепте ақуыздың болуымен сипатталатын ауыр жағдай. Ол жүктіліктің шамамен 5%-ында кездеседі және дүние жүзінде ана өлімінің шамамен 16%-ына жауап береді.<ref name=":0" /> Преэклампсия әдетте симптомсыз және әдеттегі скрининг арқылы анықталады. Преэклампсия белгілеріне бас ауруы, бұлыңғыр көру (жиі жыпылықтайтын «шамдар»), құсу, асқазанның ауыруы және ісіну жатады. Преэклампсия кейде өмірге қауіп төндіретін эклампсия деп аталатын жағдайға ауысуы мүмкін, бұл көру қабілетінің жоғалуы, мидың ісінуі, құрысулар, бүйрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі және таралған тамырішілік коагуляция (қан ұюының бұзылуы) сияқты бірқатар ауыр асқынулары бар төтенше гипертензия. Айта кету керек, гестациялық гипертензия жүктілік кезінде несепте ақуызсыз жаңадан пайда болған гипертония ретінде анықталады<ref>Treatment of hypertension in pregnant and postpartum patients</ref>.