Жүрек жетіспеушілігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Жүрек жетіспеушілігі деп ағзалар мен тіндердің дұрыс жұмыс атқаруына қажет затармен қамтамасыз ету және метоболизм өнімдерін шығаруға негізделген қанайналым аппаратының (соның ішінде жүрек) өзінің жұмысын атқара алмауын айтады<ref>Үлгі:Cite web</ref>, тіндердің метаболиттік қажеттелігін қанағаттандыру үшін керекті қан көлемінің азаюы жүректің қамтамасыз ете алмауынан туатын патологиялық процесс.

Түрлері

Пайда болу жылдамдығына қарай: жедел және созылмалы.

  • Жедел түрі – миокард инфарктісі, нитральды және аорта клапандарының жетіспеушілігі, сол қарынша жарылуы.
  • Созылмалы – біртіндеп басталады.

Жүрек бөлімдерінің зақымдалуына байланысты:

  • сол қарыншалық және
  • оң қарыншалық

Сол қарыншалық Жүрек жетіспеушілігі (СҚЖЖ) – сол қарыншаға (а.стенозында) көп күш түскенде, немесе оның жиырылу функциясы төмендегенде пайда болады (миокард инфарктінде) сол кезде мынадай жағдай пайда болады, үлкен қан айналымына түсетін қан азаяды, сол жүрекше кеңейіп, кіші қан айналымында қан іркілісі болады. СҚЖЖ:

  • Систолалық,
  • диастолалық болады.

Оң қарынша Жүрек жетіспеушілігі (СҚЖЖ) – оң қарыншаға көп күш түскенде (өкпе артериясының саңылауы тарылғанда), немесе өкпелік гипертензияда, яғни кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі болғанда.

Жедел жүрек жетіспеушілігі-жүректің насостық қызметінің бірден нашарлап, организмді қанмен қамтамасыз етілмеуі.

Жедел жүрек жетіспеушілігінің негізгі себептері

  • миокард инфарктісі (үлкен көлемді, жарылу).
  • Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы (тиімсіз ем, қосымша аурулар).
  • Аритмиялар (қарынша үсті, қарыншалық тахикардия, брадикардия, экстрасистолия, блокадалар).
  • Қан ағуына кедергілер (аорта саңылауының стенозы, митральды саңылауының стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия, ісіктер, тромбылар).
  • Қақпақ жетіспеушілігі – митральды, аортальды.
  • Миокардиттер.
  • Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
  • Өкпе текті жүрек.
  • Артериальды гипертензия.
  • Жүрек тампомадасы
  • Жүрек травмасы.

Жүректен айдалатын қан көлемінің жоғарылауымен өтетін Жүрек жетіспеушілігі

  • Анемия.
  • Тиреотоксикоз.
  • Жедел гломерулонефрит + АГ.
  • Артериовенозды фистула.

Клиникасы

Жедел жүрек жетіспеушілігінің 3 клиникалық көрінісі бар.

  1. жүрек астмасы
  2. өкпе шемені
  3. кардиогенді шок<ref>Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы. Алматы:"Кітап"баспасы.2005ж.-568бет.</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер