Деменция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Деменция (Үлгі:Lang-en; Үлгі:Lang-de; Үлгі:Lang-la - слабоумие, безумие) Ой өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы психиканың нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін психиканың терең де қайтарылмас зақымы. Өмір барысында пайда болған жарыместік (тумысынан болған олигофренияға қарама-қарсы).<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Деменция — жоғары психикалық фуикциялардың жете дамымауының не семуінің салдары болып табылатын кемақылдық. Бастапқы деменция — тұқым қуалаған аурудың, туа біткен зақымдаушы факторлардың немесе баланың өсуінің ең алғашқы кезеңдеріндегі жоқшылықтың салдарынан зияттың жете дамымаушылығы. Екінші деменция — жаттығулардың, эмоциялық қуаттаулардың (әлеуметтік, жастық, дәрі- дәрмектік, ауру-сырқаулық) үнемі әсер етуі себепті психикалық функциялардың сипатына байланысты сенильдік (қарттық), алкогольдіх, эпилепсиялық, жарақаттанудан кейін болған және т.б. деменциялар түрлері болады. Деменция — жалпы алғанда зияттылық қабілетінің әлеуметтік және кәсіптік функциялардың қалыпты орындалуы мүмкін болмайтындай болып жоғалуы. Термин көп функциялы бұзылуларды белгілеуге арналған. Мұндай кезде ес болмайды, пайымдау және басқа да жоғары психикалық процестерге қабілеттілік қалмайды. Әдетте, когнитивтік процестердің мұндай бқзылулары тұлғаны жеке әлеуметтік өзара әрекеттестік қабілеттерінің бұзылуына ұласады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Алжу