Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Үміт Қыранқызы Битенова"
ш (Ziyarat Kambatyr (т) өңдемелерінен TheNomadEditor соңғы нұсқасына қайтарды) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
| |
11:38, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Жазушы Үміт Қыранқызы Битенова - Қоғам қайраткері. Ақын. Журналист. Жазушы. Айтыскер және әнші-сазгер. 1964 жылы 4 ақпан Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Өмірбаяны
1964 жылы 4 ақпанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында туған.Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал (Талас ауданы) ауылында туып-өскен. Сиқым руының тумасы.
Білімі
- 1981 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал (Талас ауданы) ауылындағы Үшарал орта мектебін (қазіргі Әбдір Сағынтаев атындағы) үздік бағамен тәмамдаған.
- 1985 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (бұрынғы Н.Крупская атындағы Педагогикалық институттың) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін және шетел тілдері факультетінің ағылшын тілі бөлімін үздік бітіріп, мұғалім квалификациясын алған.
- 2017 жылы Қаратау қаласындағы Қаратау технология, білім және бизнес колледжін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілік дәрежесі - кеңесші-заңгер.
Қызметі
- 1985-1993 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы Қызыләуіт ауылының Ильич атындағы және Талас кеңшарының (қазіргі Ә. Сағынтаев атындағы) Үшарал орта мектептерінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндерінен сабақ беріп, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
- 1989-1994 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы аудандық Кеңесінің депутаты.
- 1993-2005 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы мектеп-лицейде және А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі, психологы, мектеп-лицейдің директоры қызметін атқарған.
- 2005-2022 жылдары Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында шығармашылық бөлім жетекшісі болды.
- 2023 жылдың 23 қаңтарынан "Aulieata-Media" ЖШС-індегі Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің тілшісі.
Қоғам өміріндегі орны
- Қазақстан жазушылар одағы (2012 ж.) мүшесі.
- Қазақстан журналистер одағы (2003 ж.) мүшесі.
- Қазақстан Авторлары Қоғамы (2004 ж.) мүшесі.
- Қазақстан театр қайраткерлері одағы (2010 ж.) мүшесі.
- Жамбыл облыстық Ардагерлер кеңесінің (2020 ж.) Пленум мүшесі және Төралқа мүшесі;
- Жетінші шақырылған (2021-2026 ж.) Талас аудандық Мәслихатының депутаты;
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2000 ж.).
- Мәдениет саласының үздігі (2013 ж.).
- Қарағандыда (2000 ж.) өткен мұғалімдердің I Республикалық олимпиадасының жеңімпазы.
- Жамбыл облысының (2013 ж.) «Жыл патриоты».
- Талас ауданының (2014 ж.) Құрметті азаматы.
- Жамбыл облысы Әкімі Сыйлығының (2018 ж) иегері.
- Құрмет ордені (2022 ж.).
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл медалі
- Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі
- «Avrasya Sanat, Kültür, Edebiyat ve Bilim dernekleri Federasyonu» мен «Жазуучулардын жана чыгармачыл Ишмерлердин Эл аралык Бирлиги» ұйымдастырған «ТҮРК ДҮЙНӨСҮНҮН ЗАЛКАР ЖАЗУУЧУСУ, АКЫНЫ» атты (2020 ж) Халықаралық фестивальдің 1-орын жеңімпазы, лауреат.
- Халықаралық Э.Иманалиев атындағы әдеби сыйлығының (2020 ж) иегері.
Шығармашылығы
- Өлеңдері «Қазақстан жас ақындарының антологиясы» (Астана-2000ж) және «Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалары» (Алматы-1999ж) жинақтарына, «Жыр маржаны» атты он томдық қазақ поэзиясының (Mereke baspasy-2014) антологиясына енгізілген.
- «Ауады да тұрады аңсарым», «Көңіл күнделігі», «Шын ғашықтар қосылмайды деген кім», «Мендегі іңкәр махаббат» атты жыр кітаптарының, «Мен сүйген жар», «Қай жерден кетті қателік» атты прозалық кітаптардың авторы.
- «Балабақшадан басталған» атты (2019 ж) мемуарлық кітаптың авторы. Республикалық комиссия шешіміне орай, қоғамдық маңызы бар әдебиет ретінде осы кітап (2022 ж) қайтадан мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.
- 2023 жылы «Ешкімге айтпаған сырларым» атты жыр кітабы мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шықты.
- «Қар астындағы жауқазын» атты жыр кітабы Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шықты.
- Қазақстан танымал эстрада жұлдыздары орындап жүрген "Қыздар-ай","Мені ойлап қам жемеші, Мама", "Ақ қанат көбелек аппақ қар", "Сен мені сағынбайсың ба?" секілді және т.б. әндердің авторы.
Отбасылық жағдайы
Отбасылы. Жолдасы - Ербол Қамбатыров. ҚР Мәдениет саласының үздігі. Айтыскер ақын.
Үміт Битенова мен жолдасы Ербол Қамбатыров та 10 жыл бір партада отырып, бір-біріне ғашық болған сыныптастар. Өмірде де, өнерде де жұптары жазылмай, балаларының қуанышына бөленіп келеді. Бір қызығы, олардың аналары да он жыл бойы бір сыныпта оқыған.
Балабақша, мектеп қабырғасынан бірге қол ұстасып, жұптары жазылмай өнегелі отбасын құрған жандардың өмірлік тәжірибесі көпке үлгі.
Ұлдары - Бағлан,Жасұлан,Зиярат.
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер https://libr.e-taraz.kz/wp-content/uploads/sites/42/2022/03/Bitenova.pdf https://jambyltv.kz/kz/news/28019 https://adebiportal.kz/kz/news/view/umit-bitenova-zastyq-saq-zyrlary__23741 https://qazdauiri.kz/news/umittin-appaq-alemi https://qazaqadebieti.kz/44879/mit-zhyryn-kilep https://qazdauiri.kz/news/sara-sozdin-meimany-umit-bitenova https://kazneb.kz/kk/catalogue/result?flt=simple&q=%D0%91%D0%B8%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0 https://qazaqstan.tv/news/110439/ https://kaz.zakon.kz/redaktsiia-zakonkz/4986243-zhambyl-oblysynda-yntyma-y-zharas-an.html https://z-taraz.kz/bizdi-shatastyrmau-shin-bilezik-ta-yp-oyatyn/