11:26, 2026 ж. маусымның 26 кезіндегі нұсқасы
Үлгі:Taxobox
Жүргеніш, клайтония (Claytonіa) –
қараоттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Қазақстанда Алтай,
Жетісу (
Жоңғар)
Алатауының тасты, жартасты беткейлерінде, тастақты және мүкті-қыналы жерлерінде, қарлы мұздықтарда өсетін 1 түрі –
Иоан Жүргеніші (
С. joanneana) бар. Биіктігі 7 – 25 см, жуан тамырлы өсімдік. Сабағы бірнешеу. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары отырыңқы, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос жынысты, бір үйлі, боз қызғылт түсті, сабақ ұшында жетіледі. Шашыраңқы шашақ гүлшоғырына топталған.
Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – көп тұқымды көлденеңінен ашылатын қорапша. Тұқымы қара түсті, құрамында белок көп.
Дереккөздер
"Қазақ Энциклопедиясы"
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub