Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бәйділда Қалтаев"

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:21, 2026 ж. маусымның 25 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Кинематограф Бәйділда Қалтаев (17 ақпан 1911 жыл, қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданы7 ақпан 1979 жыл, Алматы қаласы) – актер, Қазақстанның халық артисі, (1969). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Өмірбаяны

Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. <ref>Үлгі:Кітап</ref>

Қазақ драма театрының студиясын (1932 – 1935) бітірген соң 1937 жылға дейін қазақ драма театрында, одан кейін Семей облыстық музыкалық драма театрында (1937 – 1942), Қызылорда облыстық драма театрында (1946 – 1950), ал 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ балалар мен жас өспірімдер театрының құрамында қызмет еткен.

Ойнаған рөлдері

Амангелді (Ғ. Мүсірепов, “Амангелді”), Ыбырай (М. Ақынжанов, “Ыбырай Алтынсарин”), Сардар (Қ. Мұхамеджанов, “Өзіме де сол керек”), Абыз (М. Әуезов, “Еңлік–Кебек”), Әбутәліп (С. Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Байтемір (Ш. Айтматов, “Арманым, Әселім”), Құнанбай (Ш. Аймановтың "Жас Абайында"), Ораз (Т. Ахтановтың "Әке мен бала"), т.б. сияқты әр алуан күрделі рольдерді ойнаған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер