Бәйділда Қалтаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйділда Қалтаев - (17.2. 1911, қазіргі Алматы облысы Қарасай ауданы – 7.2.1979, Алматы қаласы) – Қазақстанның халық артисі, (1969).

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Қазақ драма театрының студиясын (1932 – 1935) бітірген соң 1937 жылға дейін қазақ драма театрында, одан кейін Семей облыстық музыкалық драма театрында (1937 – 1942), Қызылорда облысы драма театрында (1946 – 1950), ал 1950 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ балалар мен жас өспірімдер театрының құрамында қызмет еткен. Қалтаев Амангелді(Ғ.Мүсірепов, “Амангелді”), Ыбырай (М.Ақынжанов, “Ыбырай Алтынсарин”), Сардар (Қ.Мұхамеджанов, “Өзіме де сол керек”), Абыз (М.Әуезов, “Еңлік–Кебек”), Әбутәліп (С.Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Байтемір (Ш. Айтматов, “Арманым, Әселім”), Құнанбай (Ш.Аймановтың "Жас Абайында"), Ораз (Т.Ахтановтың "Әке мен бала"), т.б. сияқты әр алуан күрделі рольдерді ойнаған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}