Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Жадыра Дәрібаева"
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Санат шебері: Санат:Сырдария ауданында туғандар → [[Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғ...) |
ш (1 түзету) |
||
| Жол нөмірі 24: | Жол нөмірі 24: | ||
[[Санат:4 қыркүйекте туғандар]] | [[Санат:4 қыркүйекте туғандар]] | ||
[[Санат:1948 жылы туғандар]] | [[Санат:1948 жылы туғандар]] | ||
| − | [[Санат:Сырдария ауданында | + | [[Санат:Сырдария ауданында туғандар]] |
[[Санат:Қазақстан ақындары]] | [[Санат:Қазақстан ақындары]] | ||
[[Санат:Құрмет орденінің иегерлері]] | [[Санат:Құрмет орденінің иегерлері]] | ||
00:07, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі түзету
Жадыра Дәрібаева - 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Сырдария ауданы орталығында дүниеге келген.
- 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8-сыныбын,
- 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін бітірген.
- Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген.
- 1968—1970 жылдары Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай),
- 1970 — 1978 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған.
- 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген.
- 1982—1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі,
- 1991 — 1992]жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Шығармалары
- Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
- Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988;
- Біздің жақтың ас пайы. Өлеңдер. 1998;
- Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>