Жадыра Дәрібаева
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жадыра Дәрібаева - 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Сырдария ауданы орталығында дүниеге келген.
- 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8-сыныбын,
- 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін бітірген.
- Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген.
- 1968—1970 жылдары Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай),
- 1970 — 1978 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған.
- 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген.
- 1982—1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі,
- 1991 — 1992]жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Шығармалары
- Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979;
- Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988;
- Біздің жақтың ас пайы. Өлеңдер. 1998;
- Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}